меню
Іздеу
Білім беру бағдарламалары
Кешенді тестілеуге қатысу үшін қажетті ҚҰЖАТТАР:

- арнайы бланкідегі өтініш;

- қосымшасы бар сертификат немесе диплом (түпнұсқа);

- 3х4 өлшемді екі фотокарта – 2 дана;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- флюорографиялық суреті бар 075-У нысанындағы медициналық анықтама.

- тіркеу куәлігінің көшірмесі (жігіттер үшін).

Шетел азаматтары мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған құжаттарды қосымша ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі – 2 дана);

2) білімі туралы құжаттарды нострификациялау туралы анықтама (бар болса);

3) қосымшасы бар куәліктің немесе дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі – 2 дана;

4) мектептерден анықтама;

5) жоғары білімі немесе колледжді бітіргені туралы дипломы барлар білім беру ұйымының білім беру қызметіне лицензиясының көшірмесін немесе аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесін ұсынады.

Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 13-20 шілде аралығында келесі құжаттар қабылданады:

арнайы бланкідегі өтініш;

қосымшасы бар сертификат немесе диплом (түпнұсқа);

ҰБТ немесе КТ тапсырғаны туралы мемлекеттік сертификат;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Шығармашылық емтихан (Шығармашылық емтиханға өтініштер ағымдағы жылдың 20 маусымынан 7 шілдесіне дейін қабылданады. Шығармашылық емтихан 8 шілдеден 13 шілдеге дейін өткізіледі)

Конкурсқа қатысу және ақылы-контракт бойынша оқу үшін шекті балл есепке алынады – кемінде 50 балл, ал әрбір пән бойынша кемінде 5 балл болуы керек.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Шығармашылық емтихандарды тапсыруды талап ететін білім беру бағдарламалары:

В092 Демалыс - 6В11115 - Мәдени-тынығу жұмыстары

2023 жылдың 20 маусымы мен 7 шілдесі аралығында шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініштер қабылданады

Шығармашылық емтихандар 2023 жылдың 8-15 шілдесі